07 қыркүйек 2023 14:56

"АрселорМиттал Теміртау" "Северстальға" өте ме? Скляр жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметі Северстальмен "АрселорМиттал Теміртауды" сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Үкіметі Северстальмен "АрселорМиттал Теміртауды" сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Лакшми Митталдың Қазақстандағы активтері ресейлік "Северсталиге" өтеді деген қауесет тараған еді. Роман Скляр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Жоқ, олай емес. Ресейлік компаниялармен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Шынында да, компанияның жөндеу және инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар", - деді Скляр журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, қазір ел "Арселормиттал Теміртау" үшін инвестор іздеп жатыр.

"Мен қазір қандай инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатқанын айта алмаймын. Бірақ бұл кәсіпорында адам өліміне байланысты қайғылы оқиғалар бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан тиімді жұмыс істей алатын және осы өндіріске қажетті қаражатты сала алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Басты басымдық - еңбек қауіпсіздігі", - деп түсіндірді Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети