16 ақпан 2021 08:59

Аружан Саин онкологиялық ауруы бар балалар шипайындағы жымқыру ісі туралы мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Саин. Фото: Тұрар Қазанғапов Аружан Саин. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық шипажайында ақша жымқыру ісі, онкологиялық аурулары бар балаларға арналған тамақ өнімдерінің сатылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық шипажайында ақша жымқыру ісі, онкологиялық аурулары бар балаларға арналған тамақ өнімдерінің сатылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардың құқықтарын бұзу әртүрлі мекемеде, әсіресе балаларды тамақпен және басқа да тиісті қызметтермен қамтамасыз етуде болып жатады. Мен бұл туралы үнемі жаза алмаймын, қазір тергеу жүріп жатыр. Бірақ жақында Антикор операция өткізді, оның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" республикалық балалар клиникалық шипажайында ақша жымқырылғаны, азық-түлік және балаларға арналған басқа да өнімдердің сатылғаны туралы дәлелдер жиналды", - деп жазды омбудсмен Facebook желісінде.

Саинның айтуынша, мекемеде жыл сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша онкологиялық және бронхопульмоналды аурулары бар 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар емделеді.

"Клиникалық шипажай - елімізде атап өткен аурулары бар балаларды оңалту саласындағы санаулы орындардың бірі. Мен білетін ақпарат бойынша, шипажай директоры Ханшайым Мұсаева мен оның қарамағандағы қызметкерлер жыл сайын ақша жымқырған. Балалардан, ата-аналарынан тұру, тамақтану және емделу үшін ақы алып, олар бюджетке ақша салудың орнына ақшаны қалтасына салып келген, бұл науқастарды ұстау және емдеу жағдайларына теріс әсер етті. Сонымен қатар, шипажайда балаларға арналған азық-түлік өнімдерін - ет, картоп және т.б. заңсыз сату фактілері ақықталды", - деді Саин.

Омбудсмен балалардың мемлекеттік квота бойынша шипажайға жіберілетінін, ал ата-аналары өздері үшін төлейтінін айтты.

"Сондықтан ата-аналар баласымен бірге болу ақысын төлейді - тәулігіне 7500-ден 11 000 теңгеге дейін. Оған қоса, күніне 5000 теңге тамақ үшін ақы төленеді. Бұл кірісте көрсетілмеген, бірақ шипажай басшылығының қалтасына түсті. Балаларды, олардың ата-аналарын, мүмкін қызметкерлерін де тамақтандыру шипажай квотасы бойынша мемлекеттен алған ақша есебінен жүзеге асырылған. Егер тіпті азық-түлік сатылған болса, ойлап көріңіздерші, балалар қалай тамақтанады?"- деп түсіндірді Саин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети