03 сәуір 2015 20:11

Астана әкімдігі Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін миллионер қылуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі әр ардагерге 1 млн 100 мың теңгеден төлемақы береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Астана әкімдігі әр ардагерге 1 млн 100 мың теңгеден төлемақы береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"Жергілікті бюджет есебінен ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай қала әкімдігі елордада тұрып жатқан әр ардагерге 1 миллион 100 мың теңгеден төлемақы береді, одан өзге жергілікті бюджеттен ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 100 мың теңгеден төленеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Астана қаласында тұрып жатқан екі ардагерге Мәскеу қаласында өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған Парадқа қатысу үшін жол, тамақтану, тұру шығындары өтелетіні айтылады. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, елордада қазіргі таңда 210 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрып жатыр, олардың 161-і соғысқа қатысқандар және 49 ҰОС мүгедектері. "Алматы" ауданында 107, "Есіл" ауданында - 87 және "Сарыарқа" ауданында - 16 ардагер бар.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының негізінде ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған. Ақшалай төлемдерді сондай-ақ тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушылардың жұбайлары мен ҰОС ардагерлеріне теңгерілген тұлғалар да алатын болады.

Осыған дейін Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 5 мыңға жуық ардагерінің қалғаны хабарланған болатын. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне республикалық бюджеттен 100 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек қарастырылып отыр. Ардагерлерге арналған қосымша әлеуметтік төлемдер олар тұратын өңірлерге байланысты төленеді. Астанада соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күнінде 150 мың теңгеден беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети