20 шілде 2015 10:27

Астана әуежайына Абылай ханның атын беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© esil.astana.kz © esil.astana.kz

Адвокат Жанкелді Сүлейменов әуежайларға, әсіресе Астана әуежайына Абылай ханның атын беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Адвокат Жанкелді Сүлейменов әуежайларға, әсіресе Астана әуежайына Абылай ханның атын беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өз идеясын Facebook желісіндегі парақшасына жазды. "Шарль де Голль немесе Кеннеди әуежайы деген құлаққа жағымды естіледі және әдемі. Біздің әуежайларда ат жоқ, құдды бір қазақта ұлы адамдар жоқ сияқты. Мен Алматы әуежайына Абайдың немесе Қонаевтың атын берер едім, ал астаналыққа Абылай ханның. Ең дұрысы, көпшілік арасында сауалнама жүргізу керек, сонда ғана біздің әуежайларда нағыз ұлттық атау болады", - деп мәлімдеді Сүлейменов. Заңгердің айтуынша, "тұлға ішіндегісіне әсер етеді", яғни әуежайлардың атауы міндетті түрде оның жұмыс сапасына ықпал етеді.

Еске сала кетейік, 2014 жылы қараша Талғат Бигелдиновтің атын Алматы әуежайына беру туралы ұсынысты қазақстандық блогерлер қоғамдастығы жасаған болатын. Алайда Алматы әуежайының ресми өкілі нысанның жеке иелікте екенін және атын ауыстыру шешімін оның иелері ғана шығара алатынын айтты. "Шын мәнінде, Талғат Бигелдинов - батыр, ол даңқты ұшқыш. Отанына бергені көп және біз оның ұшқанын көріп, ұшқыш болуды армандадық. Бірақ біздің әуежай Алматының атымен аталған, ол "Алматы халықаралық әуежайы" деп аталады. Атын ауыстыру туралы әңгіме айтылып жатқан жоқ", - деді әуежайдың ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети