20 сәуір 2016 20:02

"Астана ЭКСПО-2017" басшылығына Муз-ТВ премиясын өткізудің жөнсіз екені ескертілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша куәгер Асель Қожақова сотта ұлттық компанияда жұмыс істеп жүрген кезінде басшылықтың назарын Муз-ТВ премиясын өткізудің жөнсіз екендігіне аударғанын айтқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша куәгер Асель Қожақова сотта ұлттық компанияда жұмыс істеп жүрген кезінде басшылықтың назарын Муз-ТВ премиясын өткізудің жөнсіз екендігіне аударғанын айтқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Муз-ТВ премиясы Астанада 2015 жылдың маусымында өткен, оған демеушілік жасағандардың арасында "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы да бар еді.

Қожақова 2013 жылдан 2015 жылдың мамырына дейін маркетинг департаментінің директоры болып жұмыс істегенін айтты. Ол көрменің дамуына, көрменің жаңа логотипін жасауға, сайт жасауға және БАҚ-пен байланысқа жауапты болған.

"Мен 2015 жылдың мамырында кеттім. Менің идеологиялық қарсылықтарым болды. Жұмыс істеу жайлы болған жоқ, себебі бір іспен көптеген департамент айналысты. Яғни мен көрмені өз қалауымша дамыта алмадым. Муз-ТВ бойынша да іс-шара өтті, оны біз өткізуіміз керек еді, бірақ ол бюджетте болмады. Шараны өткізу бюджетте де, оның тізімінде де болмады. Келісімшартқа бастамашылық етіп, оған қол қойылуы керек болды. Онда екі миллион долларға жуық ақша қарастырылған еді. Ол жөнсіз еді. Қыздарға арналған арнаға жарнама жасау ұсынылды, Ру-ТВ. Сосын департаментіміздің атынан қызметтік хат жаздық. Мен департаментімізге жауапты - басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалиямен бірге жұмыс істедім. Біз концертті өткізудің жөнсіз екенін жазып, хат жолдадық. Бұл біріншісі. Екіншіден, бюджет қаражаты бұған қарастырылмаған еді. Бірақ жол берілмеді, хат та қараусыз қалды, жалпы мен осы іс-шара мен келісімшартпен келіспедім. Менен келісімшартқа бастамашылық етіп, қол қою сұралды. Сосын мен заңнама аясында әрекет ететінімді айттым, осыдан кейін жұмыстан шыққаным дұрыс деп шештім", - деді сотта Қожақова. 

"Бұл келісімшарт департаменттер арасында ары-бері жолданды, кейін Ермегияев те, Вера да бастамашылық етуімді сұрады. Бастапқыда Вера сұрады, кейін ол сұрады. Осыдан кейін мен Перметовке барып, оданша жұмыстан кететінімді айттым. Сөйтіп, арызымды жазып, жұмыстан шығып кеттім. Ол бастықпен шешу керек екенін айтты", - деді куәгер. 

Қожақова 2013 жылы Қазақстанға MTV өкілдері мен ұйымдастырушы агенттіктің өкілдерінің келгенін атап өтті. 

"MTV-дің жыл сайынғы фестивалін өткізуді сұрап келді, оның бүкіл Қазақстанға ашық таралатынын айтты, тікелей трансляция да болуы тиіс еді. Жалпы, жақсы жағдайлар болды, әлем бойынша 450-500 миллион үйде көрсетілетін болған. Астана үшін бұл жақсы пиар болар еді, оның бағасы ұмытпасам екі миллиард теңге еді, ұмытпасам шамамен 1,8 миллиард теңге. Барлық мақұлдаудан өтіп, бюджет өтінімін жасадық", - деді ол.

"Мальтаға барып, мұндай фестивальдардың қалай өтетінін көрдік, кейін өтінім кетті. Экономика министрлігіне барып, қорғадық, сонымен осыны өткізуіміз тиіс еді. Бірақ белгісіз бір себептермен өтпей қалды. Мәселенің қашан және қайда көтерілгенін білмедім, жауабын таппадым. Осыдан кейін бұл шарамен мен айналыспадым, сөйтсем, ақша басқа шараға бөлініпті", - деп түсіндірді Қожақова.

Айта кетейік, биыл 18 наурызда елордада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан миллиардтаған ақша жымқыру бойынша қылмыстық істің соты басталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети