28 сәуір 2014 11:35

Астана халқының саны 8000 адамға көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана халқының саны шамамен 8 мың адамға артты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қалалық статистика департаментінің мәліметінше, елорда тұрғындарының саны 821 952 адамға жетті.


Астана халқының саны шамамен 8 мың адамға артты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қалалық статистика департаментінің мәліметінше, елорда тұрғындарының саны 821 952 адамға жетті.

"2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша - 3249 адамға, Есіл ауданы бойынша - 1722, Сарыарқа ауданы бойынша - 2580 адамға көбейді, - делінген хабарламада.

2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында халықтың табиғи өсімі 3182 адамды, көші-қон өсімі 4369 адамды құраған. Бұл кезеңде Астана қаласында 3737 сәби туылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,2%-ға артық.

Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,9%-ға өсті және 3182 адамды құрады. Осы аралықта қалада 555 адам қайтыс болған, бұл 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 10%-ға аз.

"Қаңтар-ақпан айларында 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 24 жағдайы тіркелді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда үш жағдайға аз. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 6,42-ні  (2013 жылғы қаңтар-ақпанда - 7,75) құрады",- деп хабарлайды статистика департаменті.

Мамандардың мәліметінше, Астана тұрғындары арасындағы өлім-жітімге, негізінен, қан айналымы жүйесі аурулары (37%), ағзадағы өскіндердің пайда болуы (21,4%), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану оқиғалары (11,7%) себеп.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети