05 желтоқсан 2023 09:18

Астана маңына қатынайтын барлық бағыттағы автобустар тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: cts_kz Фото: cts_kz

Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын барлық бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems мәліметіне сілтеме жасап.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді, автобус бағдарлары кешігіп, қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.91 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети