26 мамыр 2014 12:16

Астана мен Киев арасын жалғайтын пойыз қатынасы қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана теміржол вокзалы  ©Тұрар Қазанғапов Астана теміржол вокзалы ©Тұрар Қазанғапов

Астана мен Киев арасын жалғайтын жүрдек пойыз қайта жолға шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Асылхановқа сілтеме жасап.


Астана мен Киев арасын жалғайтын жүрдек пойыз қайта жолға шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур Асылхановқа сілтеме жасап.

"Украинаның теміржол саласы басшылығы тарапынан бізге ресми сұраныс жасалып, билет сатуды қайта жалғастыруды өтінді. Оның алдында билет сату уақытша тоқтатылған болатын. Ал бұл өтініш хат сәуір айында келіп түсіп, мамырда бастап билет сатуды қайта жолға қоюымызды сұрады. Бірақ біз билетті сатқан жоқпыз, сол себепті пойыз қатынасы тоқтады. Біраз уақыттан кейін мәселе түбегейлі шешіліп, біз билеттерді сатылымға шығардық. Егер өзара іс-қимыл нәтижесінде келісім жасалмаса билет сату біржола тоқтатылып, 27 мамырдан бастап қайта жолға шықпас еді", - деп түсіндірді Т.Асылханов.

Айтуынша, Астанадан Киевке жүретін пойыз аптасына бір рет, дүйсенбі сайын қатынайды. Еске сала кетейік, Астанадан Киевке баратын жүрдек пойызды қайта жүргізу үшін Украинаның теміржол қатынасы мемлекеттік әкімшілігі басшылығы 21 сәуірде өтініш жасаған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети