09 қараша 2015 11:18

Астана соты оқушыны қағып кеткен жүкті әйелге жаза тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана соты оқушыны қағып кеткен жүкті әйелге жаза тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Астана соты оқушыны қағып кеткен жүкті әйелге жаза тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Судья Убайдулла Қошанов кең таралған іске қатысты шешім шығарды. Судья Айман Сәкенованы айыпты деп танып, 2 жыл 6 ай қоныс колониясында жазасын өтеу туралы үкім кесті. Сонымен қатар, сот жазаны өтеуді кейінге қалдырды.

"Айман Сәкенованы қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы жаза тағайындады. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді. Сонымен қатар, жазасын бір жыл кейін өтеу туралы шешім шығарылды. Ешқайда кетпеу туралы шешім үкім заңды күшіне енгенге дейін қалдырылсын", - деді судья Убайдулла Қошанов.

Судья жәбірленуші тараптың материалдық шығыны, яғни 2 миллион теңгені толықтай өтеу туралы шағымын қанағаттандырды. Дегенмен моральдық шығынның көлемі 15 миллион теңгеден 3 миллионға дейін қысқартылды.

Айта кетейік, 6 қараша күні Айман Сәкенова өзінің соңғы сөзін айтты. Ол қазы тапқан баланың анасынан кешірім сұрады. Ал оған дейін ол өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленуші тараптың барлық талабымен келісетінін жеткізген болатын.

Сол кезде мемлекетітк айыптаушы Бағлан Қаратаев соттан әйелді 2,5 жыл көлемінде бас бостандығынан айырып, жазаны қоныс колониясында өтеу туралы шешім шығару жөнінде ұсыныс айтқан болатын.

Айта кетейік, қаза тапқан Данияр Бұсұрманов отбасындағы жалғыз ұл болған. Жол апаты болған күні оның жаттығудан қайтқаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети