02 наурыз 2015 13:22

Астана тұрғыны Мемлекеттік ту үшін салынған айыппұлға қарсылық келтіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана тұрғыны Жандос Құрманбаев 400 мың теңгеге жуық айыппұлға қарсылық білдіргелі отыр, бұл айыппұл оған тұрғын үйдің балконына Мемлекеттік туды ілгені үшін салынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана тұрғыны Жандос Құрманбаев 400 мың теңгеге жуық айыппұлға қарсылық білдіргелі отыр, бұл айыппұл оған тұрғын үйдің балконына Мемлекеттік туды ілгені үшін салынған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпарат Интернетке таралып кеткеннен кейін заңгер Михаил Кленчин адвокат Жангелді Сүлейменовпен бірге менің мүддемді тегін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ егер айыппұлға қарсылық келтіруге қол жеткізе алмаса, оны өзі төлейтінін айтып, көпшілік алдында міндеттеме алды. Қазір мен нотариуста заңгер мен адвокаттың менің мүддемді қорғауына сенімхатты рәсімдеп жатырмын. Біз қарсылық портфелін әзірлеп, талқылап жатырмыз, қарсылық келтіру тактикасын ойластырып жатырмыз", - деді Құрманбаев. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде пайда болған кейбір фейк аккаунттар Интернетте айыппұлдың заңды түрде салынғанын жазып жатыр. "Менде бұл фейктерге кім тапсырыс бергені, ол хабарламалардың қандай мемлекеттік органдардан шыққаны туралы мәліметтер бар, мен бұл ақпаратты жария ете аламын", - деді Құрманбаев. 

Ал астаналықтың жағдайына немқұрайлы қарамаған қазақстандықтар ерекше флешмоб жасауға бастама көтерді. "Екі флешмоб бар. Біріншісін Facebook қолданушысы Мерей Мұстафина бастады, ол өзге елдердің туларын ешқандай саяси астарсыз ілуді ұсынды, өйткені өз туымызды ілуге рұқсат жоқ. Егер сот айыппұлды заңды деп таныса, онда жалаулар біздің елімізде туды қозғауға болмайтынын еске салып тұратын болады. Ал егер сот айыппұл заңсыз салынған деген қаулы шығарса, онда адамдар туды Қазақстан туына ауыстырады. Екінші флешмоб - қазақстандықтар өз аватарларын туға ауыстыруды, тумен суретке түсуді немесе тды терезеге ілуді ұсынып отыр", - деді Құрманбаев. 

Еске салайық, 28 ақпан күні Жандос Құрманбаевқа өз үйінің балконына ҚР Мемлекеттік туды ілгені үшін 396 400 теңге айыппұл салынған еді. Заңгер Михаил Кленчин болса, Астана тұрғынына айыппұл заңсыз салынған деп отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети