01 ақпан 2023 10:03

Астана тұрғыны мұзға түсіп кеткен итті құтқарамын деп өзі батып кете жаздады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны мұзға түсіп кеткен итті құтқарамын деп өзі батып кете жаздады. Оған белгісіз ер адам көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана тұрғыны мұзға түсіп кеткен итті құтқарамын деп өзі батып кете жаздады. Оған белгісіз ер адам көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 қаңтарда таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне ит суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты.
Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен", - делінген ведомство мәліметінде.

Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған. Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан.

"ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды. Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды.
Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ", - деді ТЖД-дан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети