10 маусым 2014 22:13

Астанада 21 көшенің аты өзгертіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Астана картасы жаңа көшелермен толығады. Ономастикалық комиссия 21 көшенің атын өзгертуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астана картасы жаңа көшелермен толығады. Ономастикалық комиссия 21 көшенің атын өзгертуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтіп онда қала көшелерінің атын өзгерту мәселелері қаралды. Оған ономастикалық комиссия мүшелері, қалалық басқармалардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, біраз мәселелерді талқылады.

"Қала тұрғындары ономастикалық комиссияға көшелердің атын өзгерту жайлы өтініштерін жиі жолдайды. Қазір бізге 23 өтініш келіп түсті. Ономастикалық комиссия азаматтардың ұсыныстарын қарап шығып, елорданың 21 көшесін өзгерту және екі көшені біріктіру туралы шешім қабылдады", - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов.

Сондай-ақ бұл жиында аты-жөндерді дұрыс жазуға ерекше назар аударылуы тиіс екендігі атап өтілді, өйткені бұл жағдайда қателікке жол беруге болмайды. Әрі көше аттарының өзгергендігі туралы азаматтарды дер кезінде хабардар ету керек екендігі баса айтылды. Бұл – қандай да бір мекенжайды іздегенде, қиындық тудырмас үшін маңызды.

Осы ретте, айта кетейік, Тілдерді дамыту басқармасына келіп түскен барлық өтініштер ҚР Парламентінің және қалалық мәслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, елордалық ЖОО және ҚР ұлттық мұрағатының өкілдері енген ономастикалық комиссияның талқысына ұсынылады, содан кейін қалалық мәслихаттың қарауына жолданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети