18 қараша 2014 19:17

Астанада Бауыржан Момышұлының ескерткіші көшірілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Момышұлының Астанадағы ескерткіші. ©Liter.kz Бауыржан Момышұлының Астанадағы ескерткіші. ©Liter.kz

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіші Момышұлы атындағы даңғылға, Есіл өзені жағалауы бойындағы өз атындағы саябаққа көшіріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында хабарланды. Мәскеу үшін күреске қатысқан Бауыржан Момышұлының ескерткіші Астанада 2008 жылы қойылған еді.

Айта кетейік, ескерткіш - Астанаға батырдың туған жері Жамбыл облысының тартқан сыйы. Астана әкімдігі өкілдері ескерткішті көшіру Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға дайындық шараларының басталуына байланысты жоспарланғанын айтты. "Бауыржан Момышұлының ескерткішін саябаққа көшіріп, көркейту жоспарланып отыр", - деді әкімдік өкілдері. Айта кетейік, қазіргі уақытта батырдың ескерткіші саябақтың маңында, даңғыл мен Тоқпанов көшесінің қиылысында орналасқан.     

Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Бауыржан Момышұлы ескерткішін көшіру жобасы бойынша жобалау-зерттеу жұмыстарына әкімдік 25,5 миллион теңге бөліп отыр. Конкурсқа өтініштер 19 қараша 9.30-ға дейін қабылданады. Дайын болу мерзімі ретінде 2015 жылдың 15 наурызы белгіленген. 

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап генерал-майор Панфилов басқаратын 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында болған. 1942 жылы Мәскеу үшін күресте көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бірақ қайтыс болғанда, 1990 жылы 11 желтоқсанда берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети