02 тамыз 2016 15:40

Астанада бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vtomske.ru © vtomske.ru

Бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен үш жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бала терезенің торына сүйенген. Содан нәресте жерге құлап кеткен. Баланың жағдайы тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мүмкін ертең немесе арғы күні ол палатаға ауыстырылады. Қойылған диагноз: мидың соғылуы. Баланың еш жері сынбаған", - деді Астана қалалық Денсаулық басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін үш жасар баланың бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткені жайлы хабарланған болатын. "Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жеткізілді", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети