31 мамыр 2015 16:47

Астанада бұрынғы күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада бұрынғы күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада бұрынғы күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кеше кешкі уақытта, сағат 10 шамасында қайтыс болды. Бізге оның туысы хабарласты", - деді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету орталығының қызметкері Айгүл Тәжікова.

Оның айтуынша, қайтыс болған әйелдің кіші ұлының кеше туған күні болған. "Осы күні Светлананың екінші ұлы Алматтың туған күні болатын. Оған өте қиын болды", - деді орталық қызметкері.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Светлана Садуованың өліміне себепкер болған бұрынғы күйеуі әлі ұсталмаған. "Ол әлі ұсталмады. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін полиция қызметкері болғаны анықталды. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда әйел адамның 60 пайыз денесін күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. "Жедел ұстау" жоспары жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети