06 шілде 2014 19:56

Астанада "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының ұшағы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Асемгүл Қасенова түсірген Суретті Асемгүл Қасенова түсірген

"Астанада Bombardier Aerospace компаниясы Q400 NextGen ұшағын көрсетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан жаңа "Эйр Қазақстан" әуе компаниясына дәл осындай ұшақ моделдерін сатып алуды жоспарлап отыр.


"Астанада Bombardier Aerospace компаниясы Q400 NextGen ұшағын көрсетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан жаңа "Эйр Қазақстан" әуе компаниясына дәл осындай ұшақ моделдерін сатып алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Эйр Қазақстан" әуе компаниясы өкілдері мен журналистерге жаңа ұшақ көрсетілді. Шетелдік әуе компаниясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, ұшақ Орта Азия елдерінің түрлі аймағына ұшуға өте қолайлы. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес, турбовинтті заманауи ұшақ Қазақстанның ішкі бағыттарында қажетті жылдамдық пен ұзақтыққа ұшу бойынша қызмет көрсете алады. Ұшақ ыстық ауа-райында да, өте төменгі экстремальді температурада да жұмыс істейді. Эксплуатациялық шығыны да, қазіргі уақытта жасап шығарылып жатқан өзге 70 орындық ұшақтармен салыстарғанда, әлдеқайда төмен.

Компанияның бизнесті дамыту және сату бойынша директоры Марк Гилберт "Қазақстан тарапымен коммерциялық келісім финальдық кезеңде. Қазір он борт туралы сөз болып жатыр. Ұшақтың бағасы шамамен 30 миллион доллар" деп атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық "Эйр Қазақстан" жаңа әуе компаниясының директоры Нұржан Шәкіровтің айтуынша, бұл ұшақтарды сатып алу келесі жылы жүзеге асырылады.

"Бар болғаны 10 ұшақ, алайда ұшақтарды жеткізу 2015 жылы топтамамен жүзеге асырылады. 2015 жылдаң бірінші жартысында ұшуды бастаймыз. "Самрұк-Қазына", "Bombardier" қатысады, соңғысы консультациялық қолдау көрсетеді, мамандар дайындайтын авиациялық-техникалық орталық құруға қаржы бөледі. Біздің климттық, географиялық ерекшелігімізді ескерсек, көрсетілген жаңа ұшақ-барлық талаптарға жауап беретін ең мықты және бірегей борт. Бұл борттардың әрқайсысын 23 миллион доллардан сатып аламыз" деп түсіндірді Шәкіров.

Сонымен қоса Шәкіров "Ұшқыштарды дайындау Канадада өтеді. Алдымен батыстық ұшқыштарды тартамыз, өйткені ұшқыштар жетіспейді. Сонан соң, ақырындап өз ұшқыштарымызды қоса бастаймыз. Бір жылдан кейін экипаж мүшелері толықтай отандық мамандармен қамтамасыз етілетін болады" деп атап өтті. Директордың сөзіне қарағанда ұшу Алматы, Астана және Атырау қалаларынан жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетсек, тағы бір қазақстандық "Эйр Қазақстан" әуе компаниясын құруды ақпан айының соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Ол "біз ішкі бағыттарды ұшатын тағы бір жаңа "Эйр Қазақстан" әуе компаниясын құруды жоспарлап отырмыз" деген болатын.

Кейіннен жаңа "Эйр Қазахстан" әуе компаниясы өз жұмысын 2015 жылдан бастайтыны туралы "Самұрық-Қазына" мәлім етті. "Біз "Бомбардьер" компаниясымен облыстар арасындағы бағытта қызмет көрсететін 10 ұшақ жеткізуге серіктестік келісім жасадық. Екі компания ("Эйр Астана" және "Эйр Қазақстан") серіктесіп жұмыс істейтін болады. Біз мында да, онда да акционерміз және олардың мүддесін тең ұстайтын боламыз. Десе де біз әуе компаниялары арасында бәсекелестік болуын қадағалаймыз" деп түсіндірді қор жетекшісі Өмірзақ Шүкеев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети