04 мамыр 2015 12:53

Астанада генерал Панфиловтың ескерткіші ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Астанадағы генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш толық салынып бітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жерұйық" саябағындағы мемориалды ашуға соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр.


Астанадағы генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш толық салынып бітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жерұйық" саябағындағы мемориалды ашуға соңғы дайындықтар жүргізіліп жатыр.

Тарихи тұлғаға арналған ескерткіш қала саябағының қақ ортасында орналасқан. Оның оң жағында 28 панфиловшының есімдері жазылған стела бар. Осы саябақта генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған аллея да орналасқан.

7 мамырда Мемлекет басшысы мемориалдар кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Осы күні Астанада Елбасының қатысуымен әскери парад өтеді.

Бір жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Панфилов ескерткішін ашу туралы тапсырма берді.

"Астана әкіміне Жеңістің 70 жылдығына орай елорданың жаңа көшелерінің біріне жерлесіміз, генерал Иван Панфиловтың ескерткішін орнатуды тапсырамын", - деді Президент.

Ескерткіштің ашылу салтанатына барлығы дайын. Жұмысшылар саябақ аумағында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Генерал Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ескерткіштің ашылу салтанатына баратынын айтты. Сонымен қатар, ол әлі де аранайы шақырту алмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайтының "Жеңімпаздар" жобасы арқылы қазірге дейін ардагерлердің 400-ден астам оқиғалары жинақталды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети