08 шілде 2016 17:35

Астанада жоғалған балалардың анасы: Автобус жүргізушісі оларды Тараз маңында жол бойына тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен 2 жасар Асқар Нұрәлидің анасы балаларының жоғалуы туралы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, балалар 6 шілдеде Астана күні жоғалып кеткен еді. Олар түнде Алматыдағы Сайран автобекетінен табылды.


14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен 2 жасар Асқар Нұрәлидің анасы балаларының жоғалуы туралы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, балалар 6 шілдеде Астана күні жоғалып кеткен еді. Олар түнде Алматыдағы Сайран автобекетінен табылды.

Нұрсұлу Тезекбаеваның айтуынша, ол күйеуімен бірге сегіз баланы асырап отыр екен. Соңғы уақытта әйел ауруханаға көп баратын болған. Ал жанұяда кикілжіңдер туып, қыз күйзеліске түсіпті. 

"Ол әкесі мен шешесі ажырасып кетеді деп уайымдап, соңғы уақытта көп жылайтын болды. Ол кенжеміз Асқарды қатты жақсы көреді. Сол күні ол кетіп қалуды ойламады. Таңертең мен жұмыста болғанда Жансая үйден шығып, менің сіңлім Жансұлуға барып, Асқарды алып кеткен. Осыдан кейін ол баламен бірге менің тағы бір сіңлім Күнсұлудың үйіне барғысы келген. Бірақ жолда райынан қайтыпты, күйзелістен шығар, Шымкенттегі туысқанымыздың үйіне бармақшы болыпты", - деді жоғалып табылған балалардың анасы. 


Нұрсұлу Тезекбаева жанұясымен

Айта кетейік, Жансая үшінші бала, Асқар кенжесі. Қыздың екі ағасы, сіңлісі және төрт інісі бар. Тезекбаеваның айтуынша, қызы өзінің жинап жүрген ақшасымен кетіп қалыпты. "Сөйтсек, үйден 40 мың теңге жоғалмапты. Жансая Шымкентке баратын автобусқа отырған. Қолында 15 мың теңге болған. Оларды жедел қызметкерлермен бірге көшелерде іздеп жүргенімізде автобекетке де бардық. Диспетчерлерден сұрадық, көмектесуін қаладық, себебі кәмелетке толмағандарды тасымалдаудың қылмыстық жауапкершілігі бар екенін ескерттік. Олар бізге ештеңе айтпады, соған қарағанда біз кетіп қалғанда жүргізушілерге біз туралы хабарлаған сияқты. Олар болса балаларды Тараздың маңында тастап кеткен болуы керек. Балалар шошып қалған. Жансая Шымкентті Алматы жақта екен деп, газельге отырыпты", - дейді әйел. 

Алматыға келгенде қыз телефонын қосып, қуаттай бастайды. Кейін ол әкесіне хабарлама жіберген, кейін оларды құқық қорғау органдары тапқан. Қазіргі уақытта отағасы Алматыда балаларымен бірге. Олар Астанаға 8 шілдеде күндіз келуі тис. Алайда құжат мәселесіне байланысты сапарлары кешігіп отыр екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети