08 қыркүйек 2014 14:02

Астанада жылдам жүретін автобустардың бағыты жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото flickr.com сайтынан алынды Фото flickr.com сайтынан алынды

Астанада жылдам жүретін автобустар бағытының болашақ схемасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. (Bus rapid transit, BRT - жүрдек автобус көлігінің жаңа жүйесі).


Астанада жылдам жүретін автобустар бағытының болашақ схемасы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. (Bus rapid transit, BRT - жүрдек автобус көлігінің жаңа жүйесі).

Толық ашып қарау

BRT жүрдек автобустар жүйесі жобасының құрылысы Астанада 2014 жылдың қыркүйегінде басталған. Жоба бойынша жүрдек жолаушылар көлігі арнайы бөлінген жолақпен жүреді. Жолақтар жолдың қозғалыс бөлігінен бөлек болады, жабық жолаушылар станциялары мен бір деңгейдегі платформалар, жерасты өткелдері жасалады.

Әуелі әуежайды, ЭКСПО қалашығын, "Әбу Даби Плазаны" және жаңа теміржол вокзалын қосатын 18 станция салынады. Кейін станциялар саны бірте-бірте ұлғаятын болады. Станциялар өмірді қамтамасыз ету кешенімен, қолжеткізудің қауіпсіз жүйелерімен, электронды төлем жүйесімен (метро принципі бойынша), эскалаторлармен және жеделсатылармен жарақтандырылады. Қазіргі кезде жүйені салу жұмыстары қолға алынды.

Жол билеттерін сату және бақылау метро принципі бойынша жүзеге асады. Жол ақысын төлеу де электронды төлем жүйесімен іске асырылады. Станциялар екі деңгейлі болады, біріншісі - жерасты өткелдері, төлем және кіруге рұқсат алуды бақылау аймағы, техникалық бөлме, ал екіншісі - платформалар, күту аймағы, мінгізу және түсіру. Ал аялдамалар жабық болып, эскалаторлармен және жеделсатылармен жарақтандырылады.

Мұның алдында қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының мамандары: "Әрбір бекет жылумен, бейнебақылаумен, автоматтандырылған есіктермен қамтамасыз етіліп, өрт қауіпсіздігі қатаң сақталатын болады", - деген еді. BRT жүйесінің құрылысын 2016 жылдың аяғына дейін толық бітіру жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети