11 қаңтар 2016 14:59

Астанада қоқыс жәшігінен табылған сәби асырап алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рaidagogos.com © Рaidagogos.com

Астанада қоқыс жәшігіне тасталған қыз асырап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада қоқыс жәшігіне тасталған қыз асырап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2014 жылдың сәуірінде Астанада күл-қоқыс жәшігінен нәресте табылған болатын. Үйлеріне қайтып келе жатқан ерлі-зайыпты қоқыс жәшіктері жақтан баланың жылаған дауысын естиді. Жақындап келіп қараса, сол жәшіктердің біреуінде орамал мен пакетке оранған нәресте қыз бала жатыр екен. Олар дереу хабар беріп, сол жерге жедел медициналық жәрдем мамандары келіп жетті. Алғашқы медициналық көмектен кейін сәби емханаға жеткізілді.

Сол кезде полицейлер қыз баланың анасын тапқан болатын. Ол Атырау облысының 1998 жылы туған тұрғыны болып шықты. Өзінің жүкті екенін білген 16 жастағы қыз туған қаласынан елордаға аттанып, оқуға түседі. Ол өзінің жағдайын туыстарынан жасырған. Қызға сот бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын кесті.

Осыдан кейін нәресте Астанадағы жетімханаға жіберілген еді. Қыз баланың жаңа отбасыға берілгені бүгін белгілі болды. Оны жаңа отбасы өткен жылы асырап алыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети