04 сәуір 2014 16:56

Астанада қоқыс таситын үнемді көліктер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ©Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада қоқыс таситын үнемді көліктер пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада қоқыс таситын үнемді көліктер пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада "Астана Тазарту" коммуналдық кәсіпорнының газ-дизельді жүйемен жұмыс істейтін жетілдірілген арнайы техникасы таныстырылды. Кәсіпорынның қоқыс шығаратын тоғыз техникасы сынақтан өткізіліп, пайдалануға беріліп отыр.

"Дизельді двигательдер үшін газ отыны жүйесін енгізудің маңызды артықшылығы - тек қана дизель отынымен жұмыс істеумен салыстырғанда қоршаған ортаға улы заттардың айтарлықтай аз таралатыны. Бұған қоса, дизель отынын ішінара алмастырудың арқасында отын сатып алуға кететін шығын едәуір азаяды", - деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әр машинаның қоршаған ортаға тарататын қалдығы бірден 0,12 көрсеткіштен 0,02-ге төмендеген. "Машиналардың әрқайсысынан дизель отынын сатып алудың шығыны 40%-ға үнемделді. Кәсіпорынның жылдық айналымы тұрғысынан қарағанда, бұл - өте үлкен үнем, ол үнемделген қаражат есебінен техникаларды алу шығынын ақтауға және паркті жаңалауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Коммуналдық кәсіпорын биыл тағы жеті жаңа машина сатып алғалы отыр. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети