28 наурыз 2014 15:38

Астанада қос автовокзал бой көтермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қостанай мен Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вnews.kz-ке сілтеме жасап.


Қостанай мен Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Елордада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай және Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезекті 31-сессиясында "Қаланың қоғамдық көлігі жұмысының жай-күйі мен оларды жақсарту шаралары туралы" мәселені қарау барысында белгілі болып отыр.

"Біз мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай және Қарағанды бағытындағы көшпелі магистральдарда екі автовокзал салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда аталған жобалар бойынша жер телімдері бөлінді, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді, бір айдың ішінде қорытынды шығарылады", - деп мәлімдеді  Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков.

Енді құрылыс жұмыстары 2014 жылғы 3-тоқсанда басталады деп жоспарлануда. Алайда концессионерді анықтау байқауының қорытындысы бойынша бұл мерзім түзетілуі мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети