02 қыркүйек 2015 17:38

Астанада қыс мезгіліне дайындық жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада алдағы жылыту маусымына дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Астананың тұрғын үй қоры жылыту маусымына дайын. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада алдағы жылыту маусымына дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Астананың тұрғын үй қоры жылыту маусымына дайын. Бұл жөнінде қалалық әкімдіктің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2333 көп пәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі таңда 2162-сі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Олардың 2115-де (98 пайыз) жылыту маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес электр жүйелерін жөндеу жұмыстарының бүгінгі таңда 70,7 пайызы аяқталды.

Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, Астананың энергетикалық нысандарын модернизациялау жүргізіліп, электр жүйелері жөнделіп, коммуналдық қызметтер көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу шараларын іске асырып жатыр.

Айта кетейік, тәулік температурасы бес күн көлемінде 10 градус жылы және одан төмен болып сақталған жағдайда жергілікті атқарушы орган жылыту маусымын бастау туралы шешімді қабылдайды. Өткен жылы Астанада жылыту маусымы 6 қазанда басталып, 2015 жылдың сәуір айының соңғы онкүндігінде аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети