19 сәуір 2023 | 11:16

Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстар қайта жанданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіндегі құрылыс жұмыстары қайта жанданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіндегі құрылыс жұмыстары қайта жанданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан жиында Қасымбек жыл аяғына дейін елорданы дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспары қабылданатынын, онда "тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылатынын" айтты.

"Жаңа бас жоспарда қаланың экологиясын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Қаланың барлық негізгі саябағын қайта құру және жөндеу, көшелерді абаттандыру, қоғамдық орындар мен қасбеттерді бірыңғай дизайн кодексіне келтіру жоспарланған. Биыл біз қала ішінде миллионға жуық жасыл желекті және елорданың айналасында жасыл кластерді отырғызуды жоспарлап отырмыз. ЛРТ бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс жұмыстары жанданды, жобаны екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл ұзындығы 50 шақырым болатын 72 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Тәуелсіздік көпірінің құрылысын аяқтаймыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.16   534.99   5.18 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети