25 қараша 2016 16:58

Астанада Мәңгілік ел даңғылы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада жаңа Мәңгілік ел даңғылы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада жаңа Мәңгілік ел даңғылы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаладағы коммуналдық қызметтегілер "Орынбор көшесі" деп жазылған белгілерді "Мәңгілік ел" даңғылы деген жазуға ауыстырып жатыр. Instagram желісінің қолданушысы Владислав Воднев жаңа даңғылдың атауы көрсетілген тақтайшалардың суретін жариялады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылған болатын. Ал кейінірек Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Алма Шоқаева Астанадағы Орынбор көшесінің атауы Мәңгілік ел деп өзгертілгенін айтты. "Орынбор көшесінің атауы 9 қарашада өзгертілді. Енді ол Мәңгілік ел даңғылы деп аталады. (...) Кеше біз хаттаманы мемлекеттік тіркеуге қою үшін Әділет министрлігіне жібердік. Көшенің атауы мәслихаттың және әкімдіктің шешімімен өзгертілді. Бұл шешім Әділет министрлігінде тіркелу керек, құжат мемлекеттік тіркеуді алу қажет. Содан кейін ғана көшенің атауы рәсімделеді", - деді Алма Шоқаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети