03 қыркүйек 2017 12:39

Астанада шетелдік жұмысшылардың қақтығысынан кейін 8 адам ІІБ-не жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада шетелдік жұмысшылардың қақтығысынан кейін сегіз адам ішкі істер бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Астанада шетелдік жұмысшылардың қақтығысынан кейін сегіз адам ішкі істер бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Еске салайық, кеше, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған. 

"Алайда бірнеше азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтырғысы келген. "Есіл" аудандық прокуроры құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ресми түрде ескерту жасалды. Ескертуге қарамастан, азаматтар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзуын жалғастырды. Заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында бұзақы топтың мүшелері тексеру әрі жеке басын анықтау мақсатында Есіл аудандық ІІБ-не жеткізілді. Әкімшілік сот сегіз адамға қатысты қандай шара қолданылатынын қарастырады. Басқа ұсталған азаматтар профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылған", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, қақтығыс салдарынан Үндістанның екі азаматы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

"Азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды және әртүрлі қауесеттерді таратпауға шақырамыз. Еске салайық, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы)", - деді ведомстводағылар. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді. Ішкі істер органдары мұндай тәртіпсіздік пен төңкерістердің алдын алу үшін шаралар кешенін жүргізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети