10 сәуір 2014 12:49

Астанада соғыс ардагерлерінің пәтері жөнделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz сайты мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz сайты мұрағатынан алынды

Астанада тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтеріне жөндеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтеріне жөндеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 69 жылдығы жақындап келеді. Астанада 2014 жылғы 1 сәуір жағдайында ҰОС 258 ардагері тұрып жатыр, соның ішінде, 194-ы - соғысқа қатысушы, 64-і  - Отан соғысының мүгедегі.

Жыл бойы Астанада еңбек ұжымдарында соғыс ардагерлерімен кездесулер мен естелік сыйлықтар табыстау ұйымдастырылады. Жеңіс күні қарсаңында өткізілетін мерекелік іс-шараларға келе алмайтындарды үйлеріне барып құттықтайды: ардагерлерге азық-түліктік себеттер мен естелік сыйлықтар беріледі.

"Бұдан бөлек, ардагерлердің пәтерлері мен үйлеріндегі материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексерудің қорытындысы бойынша жөндеу және абаттандыру жұмыстары қолға алынады", - делінген хабарламада. 

Ал Жеңіс күніне орайластырылған "Мейірімділіктің көктемгі күндері" кең ауқымды акциясы аясында елордалық оқушылар мен колледж студенттері ардагерлерге үй аумағын абаттандыруға және шаруашылықта көмектеседі.

Сонымен бірге Астанада ардагерлерге материалдық демеулік көмек көрсетіледі, жергілікті бюджеттен ақшалай төлемдер жүргізіліп, мерекелік концерттер ұйымдастырылады, санаторийге жолдамалар беріледі.

Бұдан бұрын Астанада ҰОС ардагерлеріне бір реттік ақшалай төлемнің көлемі туралы хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети