Астанада соққан бораннан әуе рейстері кешігіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана әуежайында 17 рейс кешіктіріліп жатыр. Оған нашар көру мен боран себеп болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейстердің басым бөлігі - ішкі. Ыстамбұл, Омбы, Үрімші және Дубайға ұшатын рейстер де кешігіп жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайында 17 рейс кешіктіріліп жатыр. Оған нашар көру мен боран себеп болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейстердің басым бөлігі - ішкі. Ыстамбұл, Омбы, Үрімші және Дубайға ұшатын рейстер де кешігіп жатыр.

Диспетчер қызметінің өкілдері әуежайдың таңғы 9-ға дейін жабылғанын айтады. Ал баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, рейстердің кешіктірілуі жайлы толық ақпарат кейінірек беріледі. 


Куәгердің суреті

"Таңғы 6-дан бері әуежайдамын. Кем дегенде екі сағат бойы рейстер ұшқан жоқ. Күту залында адам қарасы көп. Отыратын орын жоқ. Суық. Барлығы жылы киімдерін киіп алған. Рейстердің кешіктіріліп жатқанын әрдайм хабарлап жатыр. Ең ұзағы - Дубай. Сегіз сағатқа дейін. Ыстамбұл 18.30-ға дейін техникалық себептерге байланысты ұша алмайды. 9-ға таяу рейстер ұшырыла бастады. Қазір көру мүмкіндігі жақсы. Бірақ әлі де жел бар. Біздің рейс 7.25-те Мәскеуге ұшады, бірақ әлі ұшпады. Бірақ ұшаққа отыруға хабарландыру берілді. Қазір әуежайда адам аз. Егер сотқа берсе, мен кінәлі емеспін", - дейді жолаушылардың бірі.


Кешіктірілген рейстердің жолаушылары. Куәгердің суреті.

Air Astana әуе компаниясы өз жолаушыларын рейстердің кешіктірілетінін айтып, ескертеді. "Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстер кешіктірілуі мүмкін. Ұшу алдында рейстердің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз", - делінген компанияның Twitter желісіндегі аккаунтында.


Кешіктірілген рейстердің жолаушылары. Куәгердің суреті.

Айта кетейік, Астанада соққан бораннан бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларының сабағы болмайды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29 желтоқсанда Астанада - қар, жел және мұзтайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro