04 қыркүйек 2017 11:31

Астанада төбелескен шетелдік жұмысшыларды елден шығару мәселесін сот шешеді - Бас прокурор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақып Асанов Жақып Асанов

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР бас прокуроры Жақып Асанов "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Біреуі тұрмыстық жанжал бойынша, екіншісі - жалған ақпарат таратуға қатысты, - деп мәлімдеді ол Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде. 

Ал шетелдік жұмысшыларды елден көшіріп жіберу туралы сұраққа ол бұл мәселені сот шешетінін айтты. "Істі сотқа жолдаймыз, сонда шешіледі", - деді Асанов.

Ал мұның алдында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелестен зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети