09 қаңтар 2024 14:41

Астанада тұрақтағы көліктер құтқарушылардың өрт орнына жетуіне кедергі келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада өртсөндірушілер "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешеніне жете алмады. Бұған көліктер кедергі келтірген. Оқиғаны тұрғындар видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада өртсөндірушілер "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешеніне жете алмады. Бұған көліктер кедергі келтірген. Оқиғаны тұрғындар видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода әйел бейберекет тұрған көліктерге шағымданып, өртсөндірушілер өртеніп жатқан көпқабатты үйге жете алмағанын көрсетеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:58-де астаналық құтқарушылар Қабанбай батыр даңғылы, 59-үй пәтеріндегі өртті сөндіруге кіріскенін хабарлады.

"Өртсөндірушілер келген кезде "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде ас үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды, өртті сөндіру кезінде астаналық өртсөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды құтқарды. Оның үшеуі балалар. Өрт 10:32-де оқшауланып, 10:35-те жойылды", - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 28 адамы мен Астана Төтенше жағдайлар департаментінің 7 техникасы жұмылдырылған.

"Өрт сөндіру бөлімшелері өрт орнына жеткенде тұрақта тұрған көліктер өрт техникасының өтуіне кедергі келтірді. Құрметті көлік иелері, Астана Төтенше жағдайлар департаменті тұрақ немесе орынды таңдау кезінде көліктерді кіреберіс жолдарда қалдырмауды ұсынады.

Арнайы техника өтуі үшін бос орындар қалдыруды ұмытпаңыз, өйткені тұрақта тұрған көліктер өрт кезінде арнайы техниканың өтуіне және жұмысына кедергі жасайды. Есіңізде болсын, әрбір секунд, минут біреудің өмірін және мүлкін сақтап қалуы мүмкін", - деп сұрады өртсөндірушілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети