05 шілде 2014 14:37

Астанада велосипедтерді жалға берудің алғашқы пункттері жұмыстарын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мadeoffabric.ru ©Мadeoffabric.ru

Астанада велосипедтерді жалға берудің алғашқы пункттері жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Тengrinews.kz жобаның бастамашысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ-на сілтеме жасап. Ал мұндай бастаманы Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі ықтыру істері жөніндегі агенттігіқолдап отыр. 18 маусым күні тараптар арасында елорданың веложол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш жақты Меморандум бекітілген болатын.
Енді жобаның салтанатты ашылу рәсімі 7 шілдеде өтпек.  

Жобаны жүзеге асырудың бірінші сатысында 200 велосипед сатып алынып, қаланың сол жағалауында 40 станса жасақталады (аумағы 13,5 шаршы шақырым). Алдағы уақытта велосипед санын бір мыңға жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар EXPO-2017аймағы велостансалармен және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмек. Велосипедтерді француздардың Smoove компаниясы жеткізеді. Бұл компания ұқсас жобаларды Ресей Федерациясында, Франция, Грузия, АҚШ, Италия, Ұлыбритания елдерінде жүзеге асырған екен.

Ал жалға берілетін велосипедтер жоғары сапалы құрал болып табылады. Рамасы тау велосипедтеріне арналған EN14766 талабы бойынша, және аса мықты материалдан (хром-молибден) жасалған. Шинасы – Kenda +, диаметрі 26 да 1,75дюйм. 

Тұрғындар мен қала қонақтары велосипедтерді жалға беретін "«Астана Bike" қызметіне тіркелгеннен кейін қолдана ды. Тіркелу үшін сату бөліміне барып, жеке бас куәлігі, мекен-жай анықтамасы, VISA немесе MASTERCARD төлем картасы жөніндегі мәліметтерді беруі тиіс. Сондай-ақ, таяу уақытта www.velobike.kz сайтында on-line тәртібінде тіркеу жасауға мүмкіндік туады. Бұл шараны компьютерден де, ұялы телефон арқылы да іске асыру үшін мүмкіндік қарастырылған.

"АстанаBike" абоненттік картасын алу үшін алдын ала төлемақы керек. Төлемақы мөлшері:
5000 теңге – маусымдық абонемент (маусымның аяқталуы 31 қазанда)
1000 теңге – пайдаланушы картасының құны.

Маусым бойы Сіз қосымша шығынсыз әрі шектеусіз, бірақ 30 минуттан асырмай біздің велосипедпен жүре аласыз. Бір велостансада алынған көлік құралын келесі стансада қалдыруға болады. Ал егер қолдану уақыты 30 минуттан асып кетсе, әр сағат үшін төлеу керек:
1 сағат - 100 теңге.
2 сағатан артық - 250 теңге.
3 сағаттан артық - 500 теңге.
Одан кейін әр сағат үшін - 1000 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети