02 маусым 2014 21:14

Астанада зағип бүлдіршіндерге жаңа балабақша салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото bigpicture.ru сайтынан алынды Фото bigpicture.ru сайтынан алынды

2015 жылы Астанада зағип балаларға арналған балабақша құрылысы басталады, - деп хабарлайды Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


2015 жылы Астанада зағип балаларға арналған балабақша құрылысы басталады, - деп хабарлайды Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"2015 жылы зағип балаларға арналған жаңа балабақшаның құрылысы басталады. Жылдан жылға мұндай балалардың саны артып келеді" - дейді Астана қаласы Білім басқармасының жетекшісі Эльмира Сұханбердиева.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, көзі әрең көретін балаларға арналған №23 балабақша кешенінде зағип балаларға арналған топ ашылған. "Қызметкерлер, ата-аналар және барлығымыз оларға ақ жол, денсаулық тіледік. Қазір ол топта жеті бөбек бар, олардың ата-анасы балаларының өз ортасы пайда болғанына қуанышты" - дейді Сұханбердиева. Бұл топтың ашылуы және құрылысы енді басталатын жаңа балабақша балаларға ерекше әдістемемен шұғылдануға мүмкіндік береді екен. 

Деректе келтірілгендей, бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мемлекеттік білім беру саясатының міндеттеріндегі маңызды бағыт боп табылады және астанада оған ерекше мән беріледі. Басқарма мәліметіне қарағанда, бұл қаладағы 47 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім береді. Сондай-ақ оларға арнап мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелер және ағымдағы балабақшалар жанынан жеке топтар ашылған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети