20 шілде 2015 16:23

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №1 автобус паркінің жетекшісінің міндетін атқарушы Сәбит Болатовқа сілтеме жасап.


Астанадағы автобус апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі №1 автобус паркінің жетекшісінің міндетін атқарушы Сәбит Болатовқа сілтеме жасап.

"Бізде сақтандыру бар, міндетті түрде компанияның барлық автобусы сақтандырылған. Бұл да сақтандыру жағдайы. Яғни бізде сақтандырудың екі түрі бар: жол-көлік оқиғасындағы көлік құралы және жолаушылар алдындағы сақтандыру. Біз сақтандыру компаниясына хабар бердік. Тиесілінің барлығын да сақтандыру компаниясы төлеп береді", - деді Болатов кеше болған жол-көлік оқиғасына пікір білдіре отырып.

Оның мәліметінше, 21 адамға медициналық көмек қажет болған. Сағат бүгінгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, олардың 16-сы үйлеріне қайтарылды, бесеуі ауруханада, оның ішінде жүргізуші бар, оның миы шайқалған.

Еске салайық, осыған дейін 19 шілдеде Астананың сол жағалауында №10 автобустың бағанға соғылғаны хабарланған болатын. Бұдан кейін жүргізуші аптап ыстықтан өзін-өзі жайсыз сезінгенін айтты. Сонымен қатар, жүргізушінің бүгін маршрутқа таңғы 5:30-да шыққаны және жол-көлік оқиғасы кезінде мас емес екендігі белгілі болды. Ер адам 1964 жылғы, жүргізу тәжірибесі 10 жылдан артық. Баспасөз өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан 23 адам зардап шекті, олар түрлі жеңіл жарақат алған, тек кейбірінің аяқ-қолдары сыныпты. Қаза болғандар жоқ. Механиктердің мәліметінше, автобус жаңа және жол-көлік оқиғасы кезінде техникалық жағдайы жақсы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети