21 сәуір 2014 17:50

Астанадағы сенбілікте бес мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото www.penzainform.ru сайтынан алынды Фото www.penzainform.ru сайтынан алынды

Астанада жалпы қалалық сенбілікте 5,5 мыңнан астам қоқыс жиналып, шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жалпы қалалық сенбілікте 5,5 мыңнан астам қоқыс жиналып, шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанада жалпы қалалық сенбіліктің қорытындысы бойынша 5 631,8 тонна қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. Сенбілікке 108 929 адам қатысты", - делінген хабарламада. Сенбілікке 198 тиегіш техника мен 457 жүк көлігі жұмылдырылды. Бақтар мен гүлбақтарда 5 300 800 шаршы метр аумақ жиналды, соның ішінде 2 900 000 - Алматы ауданында, 2 229 440 - Есіл ауданында, 171 360 - Сарыарқа ауданында. 4 642 ағаш отырғызылды, 59 904 ағаш сыланды. Сарыарқа ауданында С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің және "Астана" Медицина Университетінің студенттері Н.Тілендиев даңғылын және Алаш тас жолын, Алаш тас жолының солтүстік айналма жолын, Көкшетаулық тас жолдың айналма жолын қоқыстан тазартты.

Сарыбұлақ арнасында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар бұлақ маңын жинады. Есіл ауданында "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының аумағында, Қабанбай батыр даңғылында орналасқан сайжай алаптарында, Тұран даңғылында, Қорғалжын тас жолында, "Пригородный", "Заречный" (№45 ОМ ауданы), "Тельман", "Газмашаппаратура" (саяжай алабтары ауданында), Шығыс Ильинкада (бос орындар) заңсыз қоқыс үйінділері шығарылды.

Алматы ауданында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері Астана-Қарағанды тас жолын, "Көк" нарықтан ҚТҚ полигонына дейінгі Алаш тас жолының бөлігін, Алаш тас жолында ЖЭО-2 апаратын Пушкин көшесін, Мұстафин көшесінен Еділ көшесіне дейінгі теміржол бойының төсемін жинады. Сонымен қатар, Ақбұлақ өзенінің бойында ЖЭО-2 дейін бекітілген аумақ және Абылай хан даңғылы - Мұңайтпасов көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - Пушкин көшесі тазартылды. Бұдан басқа ішкі әскерлердің әскери қызметкерлері теміржол бойының төсеміндегі орманды жинады.

Сенбілікке 5 011 кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің өкілдері қатысты. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, дипломатиялық корпус өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері де бар. Еске сала кетейік, жалпы қалалық сенбілік 7 мамырға дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети