06 сәуір 2015 18:02

Астанадағы "Старомодный" мейрамханасындағы жаппай уланудың себептері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tulacsm.ru © tulacsm.ru

Астанадағы "Старомодный" мейрамханасындағы жаппай уланудың себептері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы "Старомодный" мейрамханасындағы жаппай уланудың себептері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, мекеменің аспазы мен екі даяшысынан және жартылай фабрикатталған дайын тағамдардың қалдығынан Salmonella enteritidis табылды. Шикі азық-түлікте ішек таяқшаларының бар екені анықталды. Сонымен қатар, "Старомодный" мейрамханасының тағы бір қызметкерінен автоматты түрде қауіп төндіретін шартты-патогендік микрофлора анықталды.

Сонымен қатар, тексеріс барысында санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, өндірістік цехтардың жұмыс істеу тәртібі кезінде, олардың арасында дезинфекциялық дәрілерді пайдалану ережелерінің сақталмауы, қызметкерлер арасында жұқпалы аурулар белгісінің бар-жоғына күнделікті бақылаудың жүргізілмегені бар. Даяшылардың бірінде жұмыс істеуге рұқсат болмаған. Екі қызметкердің санитарлық кітапшасында паразитологиялық ауруларға жүргізілген тексерудің қорытындысы жоқ.

"Астан жалпы улану сальмонеллез этиологиясы Астана қаласында биыл 30 наурыздан бастап 3 сәуірге дейін тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы саны - 31 адам. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. 2015 жылдың 6 сәуірі күнгі жағдай бойынша, 8 адам стационарда қалды", - делінген комитет сайтындағы хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, астаналық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары мейрамханаға жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын 30 наурыздан бастап жүргізді. Тексеріс барысында нысанның жұмыс бастауға санитарлы-эпидемиологиялық қорытындысының жоқ екені анықталды. "2014 жылы желтоқсанда "Старомодный" мейрамханасының иелері нысан жобасын мемлекеттік комиссияға қабылдау туралы өтінім жазған. 2015 жылы 15 қаңтарда бұл қорытынды беріліп, мемкомиссия қол қойды. Кәсіпкерлер нысанына тексеріс жүргізу мораторийіне байланысты департаменттің санитарлы-эпидемиологиялық қорытындының бар-жоғын тексеруге құзыреті болмады. Мейрамхана басшылығы ҚР Кодексінің 62-бабы 8-тармағы 6-тармақшасы "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" бойынша бұзушылыққа департаменттен санитарлы-эпидеммиологиялық қорытындысын алуға келген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, келушілері уланып қалған "Старомодный" мейрамханасының үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети