03 қыркүйек 2017 18:59

Астанадағы төтенше оқиғаға қатысты күдіктілер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР ІІМ өкілдері "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған оқиғаның тергеу барысы жайында түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты. 


ҚР ІІМ өкілдері "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған оқиғаның тергеу барысы жайында түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты. 

"Астана қалалық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тіркелген қылмыстық істің аясында жүргізген жедел-тергеу шараларының қорытындысы бойынша күзет фирмасының қызметкері Полатовқа дене жарақатын салған күдіктілер мен оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Күзет құрылымы қызметкерлерінің ішінде де күдіктілер анықталды, олар Полатовты ұрып-соққан Үндістан азаматтарына дене жарақатын салған деген күдікке ілінген", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы іс бойынша қақтығыс қатысушыларының әрекетін нақтылауға бағытталған тергеу шараларының жүргізіліп жатыр және оның қорытындысы бойынша қылмыстық заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, кінәлілер жауапқа тартылады. 

"Мұнымен қатар, Астана қалалық ішкі істер органдары 3 қыркүйекке қараған түні "Әбу-Даби Плаза" аумағында қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға шара қолданды. 41 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, оның ішінде сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары профилактикалық шаралардан соң және ескертуден кейін жіберілді", - деп түсіндірді Сәдубаев.

ҚР ІІМ тағы да елорда тұрғындарын және қонақтарын қандай да бір заңбұзушылыққа бармауға және азаматтардың тексерілмеген ақпараттарды және әртүрлі қауесеттерді таратпауға шақырды. Еске салайық, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы)", - деді ведомстводағылар.

Еске салайық, кеше, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді. Ішкі істер органдары мұндай тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін шаралар кешенін жүргізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети