02 сәуір 2014 10:07

Астанадағы үйлерді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sverhnews.ru сайтынан Фото sverhnews.ru сайтынан

Астанадағы "Юбилейный" бағбандық қоғамдастықтың үйлерін еріген қардың суы басты. Ол жерден 21 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

"Сейсенбі, сәуірдің 1-і күні Астанадағы "Юбилейный" бағбандық қоғамдастықтың үйлерінен 21 адам, олардың ішінде 13 бала басқа жерге көшірілді. Зардап шеккен азаматтар жоқ", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кеткен жөн, күні кеше "Қазгидромет" қызметі Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп келе жатқанын ескерткен болатын. Соның салдарынан сәуірдің 1-3 аралығында Ақмола облысы Аршалы ауданының Тургеневка ауылын су басып қалуы мүмкін. Ал Қарағанды облысында өзен сулары деңгейінің көтерілуі Киевка, Шешенқара және Балықты елді мекендеріне қауіп төндіріп тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети