13 қыркүйек 2023 16:33

Астаналықтарға қоғамдық орында түкіргені үшін 19 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Астанада қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салу жалғасып жатыр. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салу жалғасып жатыр. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері қоғамдық орында және көшелерде түкірген азаматтарға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

"Біз жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз (ӘҚБтК-нің 434-2 бабы, 5 АЕК айыппұл. -Ест.), қоғамдық орын мен көшелерде түкіретін азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Осы құқықбұзушылық үшін (түкіру. -Ест.) 19 миллион теңге сомасына 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, барлығы 5 миллион теңге немесе 28 пайыз өндірілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген орындардағы қоқыс үшін әкімшілік құқықбұзушыға бірінші рет 5 АЕК-ке немесе 17 250 теңгеге және 10 АЕК-ке немесе қайта бұзылған жағдайда 34 500 теңге айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.72   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети