27 сәуір 2017 16:26

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа ықшамауданға көшіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Атбасардағы апат жағдайында тұрған үйлердің тұрғындарын қала шетіндегі жаңа ықшамауданда салынатын көппәтерлі үйге көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атбасар ауданының әкімінің орынбасары Қорлан Тәжденовке сілтеме жасап. 


Атбасардағы апат жағдайында тұрған үйлердің тұрғындарын қала шетіндегі жаңа ықшамауданда салынатын көппәтерлі үйге көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атбасар ауданының әкімінің орынбасары Қорлан Тәжденовке сілтеме жасап. 

"Үйі апат жағдайында тұр деп танылған тұрғындардың саны - 413, елді мекендерде тағы 44 үй бар, қазір біз жоба-смета құжаттарын дайындап жатырмыз. "Степной" ауылындағы ықшамауданның нақты жоспары бар. Сол жақта көпқабатты тұрғын үйлер салуға 80 гектар жер бөлінген", - деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың басым бөлігі жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр, ал оның ақысын қоғамдық қор төлеп отыр.

"Бүгінде су тасқыны қаупі бар аудандардағы 130 отбасына жалдамалы баспана берілді. Мұның барлығын "Чистый город" қоғамдық бірлестігі қоры төлеп жатыр. Адамдар көшіп барды. "Тұран Экспресс" теміржол компаниясы 3 теміржол купе вагонын берді, оларға 5 адам көшірілді, №2 орта мектепте үш рет тамақтандыру жүзеге асырылды", - дейді Қорлан Тәжденова.  

Оның пікірінше, зардап шеккен тұрғындар жаңа үйлеріне көңілі толады. "Ықшамаудан қала территориясында, әр үйде 45 пәтерден болады. Тұрғындарға осы үйлер ұнайды деп есептейміз. Осы үйлерде тұрғысы келмесе, алған соң сатып жіберіп, жер үй ала алады. Ал ауыл тұрғындарына қоспәтерлік үйлер салынады", - деді әкімнің орынбасары. 

Қазіргі таңда, Қорлан Тәжденованың айтуынша, қаладан су кетті, бірақ апат салдарын бағалау жөніндегі комиссияның жұмысы әлі де жалғасып жатыр. "Су кетті, қалпына келді. Комиссия әлі де шығынды есептеп жатыр. Төрт топ су тасыған жерлерде дезинфекция шараларын жүргізіп жатыр. 440 үй мен шаруашылық нысандар қамтылды, тағы 180 үйді қалпына келтіру бойынша өтініш түсті", - деп ақпараттандырды ол. 

Сондай-ақ, Тәжденова апаттан зардап шеккендерге қазақстандықтардың қалай көмектескенін айтып берді. Айтуынша, "Чистый город" бірлестігі қорының есебінде 6 миллион 180 мың теңге бар. Әкімнің орынбасары қаланың алда болуы мүмкін деген су тасқындарынан қауіпсіздігі жайлы айтып өтті. Оның пікірінше, қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр, себебі қазір ведомство өтемақы және тасқын салдарын жою мәселелерімен айналысып жатыр. "Бұған қатысты ештеңе айта алмаймын. Жер қыртысы қайта қалпына келе ме? Бұл туралы мәселе көтерілген жоқ", - деді әкімнің орынбасары.

Тасқыннан кейін. Су басқан Атбасардан репортаж

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети