10 мамыр 2024 11:41

"Атүсті қарауды доғарыңыздар" - Бектенов әкімдерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі әкімдердің жұмысын көріп отырғанын мәлімдеп, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет басшысы Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі әкімдердің жұмысын көріп отырғанын мәлімдеп, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті жерлерде әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8 қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек", - деді ол.

Премьер-министр су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көңіл бөлу қажет екенін айтты.

"Сонымен қатар, біздің елімізде жылу энергиясы өте көп ысырап болады, ол кейбір өңірлерде 20 пайызға дейін жетеді. Бұл жылу мен энергияны үнемдеу тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Бізде "Энергияны үнемдеу туралы" заң бар және барлық талап бекітілген. Олардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Өңірлерге сапарым кезінде Президент тапсырмаларының орындалуын тікелей өзім тексеретін боламын. Жылу орталықтарын, қазандықтар мен жылу және электр желілерін қалыпты жағдайға жеткізу керек. Әсіресе, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баса көңіл бөлу қажет", - деді Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети