19 маусым 2014 12:34

Атырау қаласының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлыбек Ожаев. ©Аtyrauff.kz Нұрлыбек Ожаев. ©Аtyrauff.kz

Атырау қаласының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұрын Атырауды Серік Айдарбеков басқарған болатын.


Атырау қаласының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұрын Атырауды Серік Айдарбеков басқарған болатын.

Оның орнына Нұрлыбек Ожаев тағайындалды. Бұған дейін Ожаев Исатай ауданының әкімі болды. Қалалық мәслихат депутаттары мен қала активіне Атыраудың жаңа басшысын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов таныстырды.

Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған соң 1986-1991 жылдары комсомол органдарында жұмыс істеді.

1992-2003 жылдары Махамбет ауданының мемлекеттік басқару органдарында түрлі лауазымдарды иеленді. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі, Махамбет ауылдық округінің әкімі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети