28 қаңтар 2015 18:05

Атырау облысында менингит ауруының 2 жағдайы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©likar.info ©likar.info

Атырау облысында менингитпен ауырудың екі жағдайы тіркелді, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 


Атырау облысында менингитпен ауырудың екі жағдайы тіркелді, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 26 қаңтарда Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнының вахталық кентінде "Менингококк инфекциясы, менингококкцемия" диагнозымен 2 жағдай тіркелгенін, оның біреуі өліммен аяқталғанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Эпидемиологиялық тексеру барысында сырқаттанған адамдардың Шығыс Қазақстан облысынан "Имстальком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа тұру үшін келгені анықталды. Қайтыс болған науқаста аурудың клиникалық белгілері 2015 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысынан Атырау облысына бара жатқан сапарында пайда болған.

"2015 жылғы 22 қаңтарда науқас Теңіз вахталық кентіне келіп, медициналық көмеккке жүгінбей, өз-өзін емдеумен айналысады. 2015 жылғы 26 қаңтарда жалпы жағдайының ауырланғанына байланысты науқас жедел медициналық көмегін шақырады және ауруханаға жатқызылады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, науқас қайтыс болады. Қайтыс болған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған екінші науқас 23 қаңтарда ауырған және ол да медициналық көмекке 2015 жылғы 26 қаңтарда жүгінген, облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы бір қалыпты, тиісінше ем қабылдап жатыр", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге, эпидемиологиялық тексеру барысында қайтыс болған адаммен тығыз байланыс жасаған (бір бөлмеде болған) тағы екі адам анықталды. Жатақханада оларды оқшаулауға арналған жағдайдың болмауына байланысты бұл адамдар ТШО клиникасының оқшаулағышына орналастырылды, профилактикалық ем қабылдап жатыр, шағымдары жоқ. "Жатақханада науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға (43) медициналық бақылау белгіленді және профилактикалық ем қабылдауда. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін аурудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ", - делінген хабарламада. 

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, менингококк инфекциясы бойынша Қазақтандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 2014 жылы 119 жағдай тіркелген, бұл 2013 жылы тіркелген сырқаттанушылық деңгейіне сәйкес келеді. Атырау облысында менингитпен сырқаттанушылық ішінара деңгейде тіркеліп отыр (2014 жылы - 1 жағдай, 2013 жылы - 1 жағдай). Атырау облысы бойынша және республикадағы менингитпен сырқаттанушылық деңгейі көп жылғы бақылау деңгейлерінен аспайды.

Менингококк инфекциясы - жіті инфекциялық ауру, оның себебі - Neisseria meningitidis бактериясы. Менингококк инфекциясының ауырлығы назофарингиттен бірер сағаттан кейін өлімге әкеп соқтыратын жіті сепсиске ауысады. Ауру ауа-тамшы жолымен беріледі. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың шілдесінде Астанада менингит ауруы болуы мүмкін деген күдікпен 160 адам ауруханаға жатқызылған болатын. Қазақстанның бас санитар дәрігері сол кезде елордада індеттің өршігені туралы қауесетті жоққа шығарды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети