20 сәуір 2014 15:49

Атырау облысында рельстен шығып кеткен вагондар туралы ТЖМ және ІІД ақпараттары әртүрлі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президентіне қарасты орталық коммуникация қызметі ұсынған суреттер ҚР Президентіне қарасты орталық коммуникация қызметі ұсынған суреттер

Қазақстанның Атырау облысындағы рельстен шығып кеткен жолаушы пойыздарына қатысты  ақпараттар бір-біріне қарама қайшы келуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасай отырып.


Қазақстанның Атырау облысындағы рельстен шығып кеткен жолаушы пойыздарына қатысты  ақпараттар бір-біріне қарама қайшы келуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сәйкес 13 вагонның жолдан шығып кетуіне байланысты 12 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың алтауы Атыраудағы, қалған алтауы Мақат станциясындағы ауруханаларға жатқызылды. Осы апат салдарынан тоғыз жолаушы көлігі, 34 жүк көлігінің жүруі кейінге шегерілген.

Ал ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, рельстен 11 вагон шығып кетіп, олардың сегізі аударылып қалған. Жол-көлік полициясы деректері бойынша, 44 жолаушы медициналық көмекті қажетсініп, олардың 21-і ауруханаға жатқызылған, құрбан болғандар жоқ.

Бұған дейін өткен сенбіде №41 Алматы-Атырау пойызының 12 вагоны Сағыз - Мақат аймағында рельстен шығып кетіп жеті адам жарақаттанғаны туралы хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети