12 маусым 2014 21:14

Атырау облысында сарматтар мәдениетіне тән ер адамның сүйегі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экспедиция мүшесі сарматтар мәдениетін зерттеу үстінде. Фото Өнербек Жағабаев Экспедиция мүшесі сарматтар мәдениетін зерттеу үстінде. Фото Өнербек Жағабаев

Ғылыми экспедиция Атырау облысы аумағынан сарматтар мәдениетіне тән ер адамның сүйегін тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. 


Ғылыми экспедиция Атырау облысы аумағынан сарматтар мәдениетіне тән ер адамның сүйегін тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. 

Х.Досмұхамедов атындағы университеттің археологиялық оқу-зерттеу зертханасының меңгерушісі Әния Ермағанбетованың айтуынша, Махамбет ауданы Ақжайық ауылындағы Жангелді қорғанынан қылыш, қанжар, қыш құмған, 30-ға жуық қола айна және не екені белгісіз алтын түйіндер табылған. Экспедиция қатысушылары табылған бір білезікті арнайы сараптамадан өткізуге жіберген. Оның нәтижесі бірер күнде белгілі болады. 

Археолог Марат Қасеновтің басшылығымен жүріп жатқан экспедиция бұдан да өзге сарматтар мәдениетіне қатысты жәдігерлер табады деп үміттенеміз. Олар зерттеу жұмыстарын әлі жалғастыру үстінде. Бұл аймақта сарматтар мәдениеті б.д.д VІІ ғасыр мен б.д.д ІІІ ғасыр аралығында салтанат құрған. Бұған дейін Атырау облысы Индер ауданындағы Қылыш қорғанынан түрлі ағаш заттар мен бағалы бұйымдар табылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети