26 мамыр 2014 18:15

Атырауда адам өлтіргендер мен педофилдерге балалармен жұмыс істеуге рұқсат етілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Облыстық прокуратура жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және дене шынықтыру, білім беру саласының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда еңбек заңнамалары талаптарының сақталуына тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды және жасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстары (адам өлтіргені, денсаулығына қасақана зиян келтіргені, жыныстық қатынасқа итермелегені) үшін сотталған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен айналысып, қылмыс жасаған адамды лауазымды орынға қабылдау фактілері де бар. Прокуратураның хабарлауынша, осы ретте бес мектеп директоры, бір бас есепші, бес мұғалім, төрт жаттықтырушы, он техникалық қызметкер қызметінен босатылған.

"Анықталған фактілер бойынша облыстық прокуратурамен уәкілетті органдардың атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар жасалып, оның қаралу қорытындысымен еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген мекеме басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген прокуратураның таратқан хабарламасында.

Анықталған құқық бұзушылықтарды ескерту мақсатында, жоғарыда аталған жергілікті атқарушы органдардың салалық бөлімшелерінде прокуратура қызметкерлерімен құқықты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети