14 қаңтар 2015 17:38

Атырауда сот мұражайы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ©Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Атырау облысында сот мұражайы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұражайға көне жәдігерлер, өте сирек кездесетін құжаттар, фотосуреттер мен тарихи деректер қойылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұражайдан патшалық Ресей бодандығы, кеңестік кезең мен тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі туралы нақты және толық мәліметтерді алуға болады. Сонымен қатар, бұл мұражайда билер соты, олардың билік айтқан кезде пайдаланған құралдары мен киімдері бар. 

"Облыстық сот құрылған кезден бастап, бүгінге дейінгі төрағалардың өмірдеректері, қолмен жазылған үкімдер, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлерінің орден, медальдары, мақтау, алғыс хаттары, жеке құжаттары, қызмет бабында пайдаланған көптеген жәдігерлері ешкімді де бейжай қалдырмасы анық", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети