03 маусым 2015 17:04

Ауа райы: 4-6 маусым аралығында елімізде күн жауын-шашынды болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Theguardian.com ©Theguardian.com

4-6 маусым аралығында елімізде күн жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


4-6 маусым аралығында елімізде күн жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашынға қарамастан,  күндіз термометр бағаны 30-38 градусқа дейін көтеріледі, ол климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары. "Қазақстанға ауысатын атмосфералық фронттар кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай шақырады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін дауылды күшеюі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Ал 6 маусымда суық фронт ықпалында республиканың батыс және солтүстік облыстарында ыстық ауа райы бәсеңдейді. "Орталық, оңтүстік және шығыс облыстарда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жылы атмосфералық фронттардың өтуімен күтіледі", - дейді синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети