Ауа райы: Алдағы күндері күн жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Алдағы күндері күн жылы болады © geo-nature.ru

Қазақстанда 2-4 ақпан аралығында жылы ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2-4 ақпан аралығында жылы ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Норвег теңізіндегі терең циклон шығысқа қарай жылжып, Атлантикадан ылғалдың үлкен қоры бар жылы ауа алып келеді. Осы циклонға байланысты жылы атмосфералық фронттар қарлы боранымен, батыстан соғатын күшті желімен, оңтүстікте және батыста көктайғақ болып, ауа температурасының көтерілуімен, батыс пен оңтүстікте сынап бағанасының нольден жоғары болуымен Қазақстанның территориясынан өтеді. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 3-7 градусқа дейін жоғары, ал республиканың оңтүстік бөлігінде 8-12 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны болжанды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети