21 қаңтар 2015 19:57

Ауа райы дәрігерлердің Ан-2 апатынан зардап шегушіге жетуіне кедергі келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-2 апатының орны. ©Тengrinews.kz Ан-2 апатының орны. ©Тengrinews.kz

Ауа райының қолайсыздығы Астана мен Тараз дәрігерлеріне Ан-2 ұшағы апатынан аман қалған жалғыз адам - Әсем Шаяхметова жатқан Шу ауруханасына жетуге кедергі келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні апатқа ұшыраған болатын. 


Ауа райының қолайсыздығы Астана мен Тараз дәрігерлеріне Ан-2 ұшағы апатынан аман қалған жалғыз адам - Әсем Шаяхметова жатқан Шу ауруханасына жетуге кедергі келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні апатқа ұшыраған болатын. 

Мамандардың хабарлауынша, емдеу тактикасын анықтау мақсатында республикалық санитарлық авиация арқылы Тараз қаласына Астанадағы Онкология және транплантология ғылыми орталығынан (бұрынғы Республикалық жедел медициналық көмек орталығы) 3 дәрігер жеткізілді. "Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар Шуға бірден ұша алмай, тараздық екі дәрігермен бірлесіп, екі реанимобильмен жолға шықты. Олар жақын арада жетуі тиіс", - делінген хабарламада. 

Ан-2 ұшағы апатынан аман қалған Шаяхметованың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. 1986 жылы туылған қыз 2015 жылғы 20 қаңтарда сағат 19-00-де Шу қалалық ауруханасына жеткізілген еді. Науқасқа "сол жақ жамбасының және оң жіліншігінің ашық сынығы, бассүйек-ми жабық зақымы, мидың шайқалуы, бет терісінің сыдырылуы және 3 дәрежедегі зақымданудан есеңгіру" диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде оған антибактериялық және есеңгіруге қарсы терапия, эритроцитті масса гемотрансфузиясы емі жасалды. Барлық қажетті дәрілер, қан және қанды алмастырушы заттар жеткілікті. Қазіргі уақытта ол есіне келген. Өз бетімен тынысалып жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына психологиялық және медициналық көмек көрсету мақсатында психологтар кабинеті мен дәрігерлердің қабылдауы ұйымдастырылды. 

 

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Шаяхметова тірі қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети