10 шілде 2015 11:43

Ауа райы: Демалыс күндері ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Иран аудандарынан тропикалық ауа Қазақстан аумағына келіп жатыр. Сондықтан демалыс күндері және дүйсенбі күні өте ыстық болады деп күтіледі (температура нормадан 6-12 градусқа жоғары) және республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада.

Жақын арадағы тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерде жаңбыр сақталады, бірақ жексенбі күні мұнда да температура климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады деп күтіледі. "Қазақстанның батыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр және ыстықтың бәсеңдеуі болады", - деді синоптиктер.

Ал осының алдында синоптиктер Қазақстанда шілде айының ауа райы қандай болатынын айтып берген болатын. Қазақстанда шілденің бірінші онкүндігінде салқын, желді әрі жаңбырлы ауа райы күтіліп отыр. Ал шілденің екінші онкүндігінде күн жылы әрі ашық болады. Солтүстік-батыс және солтүстікте күндізгі ауа температурасы 28-33-ке дейін, батыста 33-38, оңтүстікте 35-40, орталық пен шығыста 30-35 градусқа дейін көтеріледі. "Шілдеде батыста ғана ыстық болады деп күтіліп отыр, ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады. Еліміздің өзге аймағында температуралық режим орташа климаттық норма шеңберінде болады", - дейді Қазгидрометтегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети